1130

Астанада көлік сауда павильонында тұрған 15 жастағы қызды қағып кетті

18 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған көрінеді.

Астанада көлік сауда павильонында тұрған 15 жастағы қызды қағып кетті
Instagram/astana.times

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жеңіл көлік көкөніс сататын павильонға соғылып, ішінде тұрған 15 жастағы қыз жарақат алды. 

Жол-көлік оқиғасы елордадағы Бөлекпаев көшесінде болған.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai Accent көлігін 18 жастағы жүргізуші басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлікті тізгіндей алмай, жолдан шығып кетіп, көкөніс сататын павильонға соғылған.

Оқиға кезінде сауда орнында болған 15 жастағы қыз түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтауда. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Жарақат алған жасөспірімнің қазіргі жағдайы мен жүргізушінің көлікті не себепті басқара алмай қалғаны нақтыланып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор