1865

Декреттен шыққан Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды

Мұндай әлі ешкім істемеген дейді ол.

Декреттен шыққан Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды
instagram.com/erke_esmahan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан үш жылдық декреттік демалыстан кейін шығармашылыққа қайта оралып, «Дауыс» атты жаңа альбомын таныстырды. Ерекшелігі – альбом бірден тоғыз ән мен тоғыз бейнебаянды қамтитын шамамен жарты сағаттық біртұтас музыкалық фильм форматында ұсынылды.

Әнші альбомның жарыққа шыққанын Instagram парақшасында жариялап, көптен күткен туындысын тыңдармандардың жылы қабылдағанына қуанышты екенін жеткізді.

«Дәл қазір иығымнан ауыр жүк түскендей күйдемін. Қуанышқа, шабытқа және шынайы шығармашылық бақытқа бөленіп отырмын. Егер әндерді тыңдап, бейнебаяндарды көрген болсаңыздар, әсерлеріңізбен бөлісіңіздер. Ал әлі көрмегендер YouTube арнама кіріңіздер. Әрбір көрілім мен үшін маңызды», – деді өнер иесі.

Альбомның бас продюсері Ерке Есмаханның жары әрі әнші Raim (Райымбек Бақтыгереев) болды.

Желі қолданушылары жаңа туындыны жоғары бағалап, мұндай форматтағы альбомды бұрын-соңды қазақстандық орындаушылардың ешқайсысы ұсынбағанын жазды. Тыңдармандардың пікірінше, альбомдағы әр әннің өзіндік мазмұны мен терең ойы бар, ал бейнебаяндардың түсірілу сапасы ерекше деңгейде орындалған.

Көпшілік Ерке Есмаханның шығармашылыққа сәтті оралғанын айтып, бұл жұмысты көрілім жинау немесе жарнама үшін емес, шынайы өнер үшін жасалған жоба деп бағалады. Сонымен қатар жанкүйерлер Raim-ның әншінің шығармашылық жолындағы қолдауына ерекше тоқталып, оның жобадағы рөлін жоғары бағалады.

Айта кетейік, 19 шілдеде Ерке Есмахан үш жылдық декреттік демалыстан кейін сахнаға қайта оралатынын мәлімдеген болатын. Әншінің айтуынша, осы уақыт ішінде жазылмаған барлық әндері «Дауыс» альбомына топтастырылған. Жобаға алты ай дайындық жүргізіліп, нәтижесінде тоғыз жаңа ән мен тоғыз бейнебаян жарыққа шыққан.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор