1513

25 шілдедегі валюта бағамы: Еліміздің ірі қалаларында доллар мен евро қаншадан саудаланып жатыр?

Ұлттық банктің бекіткен ресми доллар бағамы айырбастау орталықтарындағы сату құнынан сәл жоғары болып шықты.

25 шілдедегі валюта бағамы: Еліміздің ірі қалаларында доллар мен евро қаншадан саудаланып жатыр?
NUR.KZ/Владимир Третьяков

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларында шетелдік валюталар — доллар, евро және Ресей рублін сатып алу мен сатудың кезекті бағалары белгілі болды. Еліміздің басты қаржылық орталықтары саналатын Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау нүктелерінде көрсеткіштер әртүрлі қалыптасып отыр.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы уақытта ірі қалалардағы орташа бағам төмендегідей:

Астана қаласының айырбастау пункттерінде:

  • Доллар: сатып алу — 470,04 теңге, сату — 477,03 теңге;

  • Евро: сатып алу — 533,09 теңге, сату — 543,08 теңге;

  • Рубль: сатып алу — 5,70 теңге, сату — 6,11 теңге.

Алматы қаласының айырбастау пункттерінде:

  • Доллар: сатып алу — 472,49 теңге, сату — 475,32 теңге;

  • Евро: сатып алу — 538,56 теңге, сату — 544,06 теңге;

  • Рубль: 5,69 — 5,84 теңге аралығында саудалануда.

Шымкент қаласының айырбастау пункттерінде:

  • Доллар: сатып алу — 472,69 теңге, сату — 474,81 теңге;

  • Евро: сатып алу — 537,54 теңге, сату — 543,42 теңге;

  • Рубль: сатып алу — 5,71 теңге, сату — 5,78 теңге.

Ұлттық банктің бүгінгі ресми валюта бағамына тоқталсақ: 1 доллар — 476,07 теңге, 1 евро — 541,86 теңге, ал 1 рубль — 6,08 теңге деп бекітілді. Нарықтағы бұл көрсеткіштер ресми бағам мен жекеменшік айырбастау орталықтарының арасындағы сұранысқа сай құбылып тұр.

Материал авторы