Елімізде кісі өлтіру қылмысының саны азайған - статистика

14.05.2023, 17:29
704
Елімізде кісі өлтіру қылмысының саны азайған - статистика smartnews.kz

Қазақстанда қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілмек.

Тиісті тұжырымдама Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстандағы қылмыстың динамикасына, құрылымына және деңгейіне қатысты қылмыстық-құқықтық статистиканы талдау 5 жыл ішінде (2018-2022 жылдар) елде қылмыстық құқық бұзушылықтар санын азайтудың тұрақты үрдісі сақталғанын көрсетеді. Мәселен, 2018 жылы 292,2 мыңқылмыс тіркелсе, 2022 жылы ол 157,4 мыңға дейін азайған.

Осы кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдардың саны 1,7 есеге қысқарды (2018 жылғы 242,8 мыңнан 2022 жылы 136,9 мыңға дейін). Қылмыстан зардап шеккен әйелдер саны 116,7 мыңнан 64,1 мыңға дейін, ерлер саны 126,1 мыңнан 72,8 мыңға дейін қысқарды.

Елімізде зорлық-зомбылық қылмыстарының төмендеуі байқалады. Қылмыстық қол сұғушылықтан қаза тапқан адамдардың саны 2546-дан 2358-ге дейін азайды.

Жалпы, талданып отырған кезеңде кісі өлтіру саны 823-тен 520-ға дейін, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 2198-ден 1840-қа дейін, зорлау - 3 еседей (1130-дан 386-ға дейін) қысқарды. Пайдакүнемдік-зорлық-зомбылық қылмыстарының, оның ішінде қарақшылық (580-ден 177-ге дейін), тонау (8091-ден 2404-ке дейін) және ұрлық (180,1 мыңнан 58,8 мыңға дейін) саны 3 еседен аса азайды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды