2786

Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі болды

Каспий теңізіндегі жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі болды
ekipaj/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Azertag агенттігі жазды.

Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.

Әзербайжан Республикасы Сейсмологиялық қызметінің Республикалық жер сілкіністерін зерттеу орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін тіркеген еді

Материал авторы