Алматыда қатты желдің салдарынан 9-қабатты үйдің қаптамасы опырылып түсті

14.05.2023, 18:03
609
Алматыда қатты желдің салдарынан 9-қабатты үйдің қаптамасы опырылып түсті inform.kz

Алматыда ұйытқып соққан желдің салдарынан «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніндегі 9-қабатты үйдің шеткі қаптамасы опырылып түсті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Үй тұрғындары әлеуметтік желіге құлаған қаптаманың видеосын салды.

«Ақыры құлады. «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше апта бойы дабыл қаққан еді. Үйге әлі он жыл да болған жоқ. Ал керек болса…» деп жазды Facebook-теқала тұрғыны Гүлнар Телман.

Алматы қалалық ТЖД 14 мамыр күні сағат 13:20-да жауапты инспектор 1-ші шағынаудан, Алтынсарин даңғылы 68/4 «Сарыарқа» ТҮК мекенжайына барғанын хабарлады.

«Инспектор келген соң екпіні 13 м/с дейін соққан желдің кесірінен 9 қабатты тұрғын үйдің 400 шаршы метр аумақтағы шеткі жұмсақ қаптамасы құлағаны анықталды (қабырғаның жалпы ауданы 600 шаршы метр). Үйдің жұмсақ қаптамасының құлау қаупіне байланысты бұл учаскені 2 мамырдан бастап Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) қоршаған болатын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Мұнда қазір МИБ төрағасы, әкімдік қызметкерлері жұмыс істеуде»,-деп хабарлады қалалық ТЖД.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді