1101

Екібастұзда қоқыс арасынан бөлшектелген әйел мәйіті табылды

Қоқыс тастайтын орыннан табылған қаптардың ішінде азаптап өптірілген әйелдің денесі болған.

Екібастұзда қоқыс арасынан бөлшектелген әйел мәйіті табылды
instagram.com/ekibas_v_teme

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екібастұздағы Әуезов көшесі, 24-үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен қапқа салынған әйел адамның бөлшектелген денесі табылды. Желіде тараған сұмдық ақпаратты құқық қорғау органдары ресми түрде растады.

Павлодар облыстық Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, кісі өлтіру дерегі бойынша бірден қылмыстық іс қозғалған. Осы сұмдық қылмысқа күдікті ретінде бір адам қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына оқшауланды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен қанды қылмыстың жасалу себептері анықталып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге де егжей-тегжейлі ақпарат жариялауға жатпайды.

Материал авторы