Алматыда мектеп оқушысы әлеуметтік желі арқылы сынып жетекшісіне шағымданды

15.05.2023, 09:28
550
Алматыда мектеп оқушысы әлеуметтік желі арқылы  сынып жетекшісіне шағымданды smartnews.kz

Алматыда 9 сынып оқушысы сынып жетекшісінен көрген қысым мен физикалық зорлық-зомбылық туралы әлеуметтік желіде бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық №133 орта мектебінің 9 сынып оқушысы әлеуметтік желіде сынып жетекшісінің моральдық қысым мен зорлық-зомбылық жасағанын мәлімдеді. Сонымен бірге, мектеп директоры мен орынбасарлары мұғалімге қатысты тиісті шаралар қабылдамай жатқанын айтты.

Осыған орай, Алматы қаласы білім басқармасы комиссия құрылғанын және ол білім беру мекемесіне барып, аталған фактіні тексеретінін хабарлады.

«Мұғалім сынып жетекшісі қызметін атқарудан уақытша шеттетілді. Сондай-ақ, 16 мамыр күні бұл мәселені Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қарау жоспарлануда. Аталмыш мәселе қалалық білім басқармасының бақылауында», - деп хабарлады ведомствода.

Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр