Павлодарда әйелдің басына мұзды кім лақтырғаны белгілі болды
Оқиғадан кейін қыздың ата-анасы баланы дұрыс тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда көпқабатты үйдің балконынан құлаған мұз кесегінен жараланған әйелге қатысты істің мән-жайы белгілі болды. Полиция мұзды лақтырған адамды анықтады. Алайда жағдай бастапқы болжамнан өзгеше болып шықты.
Полиция мәліметінше, әйелдің басына түскен мұзды 12 жастағы қыз бала абайсызда түсіріп алған.
Белгілі болғандай, қыз балконда тұрған мұзды сындырмақ болған. Алайда мұз оның қолынан сусып кетіп, төменге құлаған. Оқиғадан кейін балалар қорқып, болған жағдайды үлкендерге айтпаған.
Құқық қорғау органдары жүргізген тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталған.
«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-анасы болған жағдайды толық мойындап, өкініш білдірді», – деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда баласын арбамен серуендетіп жүрген әйелдің басына көпқабатты үйден мұз кесегі құлап, жарақат алғаны хабарланған еді.
Оқиға 8 шілдеде болған. Алғашында куәгерлер мұздың біреудің әдейі лақтыруы немесе тіпті полиция қызметкерінің пәтерінен құлауы мүмкін деген болжам айтқан болатын.
Кейін полиция тексеру нәтижесінде бұл болжамдардың расталмағанын және жағдайдың кездейсоқ болғанын анықтады.
Материал авторы