1133

Таңертеңгі дүмпу Алматыны алаңдатты: жер сілкінісі қай жерде болды?

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда сезілген жер сілкінісінің күші қанша балл болғанын айтты.

Таңертеңгі дүмпу Алматыны алаңдатты: жер сілкінісі қай жерде болды?
Andrey VP, Adobe Stock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы тұрғындары 29 шілде күні жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қала аумағында жер асты дүмпуінің күші 2 балл болған.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 11:09-да «Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелген.

Мамандардың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 257 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Ошағының координаттары: 41,357 солтүстік ендік және 78,778 шығыс бойлық.

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы қаласында жер сілкінісінің сезілу деңгейі 2 баллды құраған.

Қазіргі таңда табиғи құбылысқа байланысты қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Материал авторы