1033

«Басыңды жұлып аламын»: Қостанайда дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дәрігерді қорқыту оқиғасы жаңа сипат алды.

«Басыңды жұлып аламын»: Қостанайда дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда медицина қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Сонымен қатар медицина қызметкерін балағаттаған азамат қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау органдарының түсіндіруінше, қорқыту мен қорлау – заң тұрғысынан екі түрлі құқықбұзушылық. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада медицина қызметкеріне қатысты әрі қоқан-лоқы, әрі қорлау белгілері байқалғандықтан, әрбір әрекетке жеке құқықтық баға берілген.

Бұған дейін сот аталған ер адамды қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерін қорлағаны үшін әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттеген болатын.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қостанайдағы медицина қызметкері пациент тарапынан қорланып, өзіне қауіп төнгені туралы мәлімдеме жариялаған еді. Кейін оны балағаттаған азамат жауапкершілікке тартылды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор