Мектептерде металл іздейтін құрылғы орнатылуы мүмкін

15.05.2023, 13:05
620
Мектептерде металл іздейтін құрылғы орнатылуы мүмкін dknews.kz

Мектептерді металл іздеу құрылғысымен жабдықтау мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Білім ұйымдары 100 пайыз бейнебақылаумен жабдықталып, 80 пайыздан астамы жедел басқару орталығына қосылған. Білім ұйымдарының 74 пайызы маманданған күзет ұстайды. Білім ошақтарының шамамен 94 пайызында «дабыл» түймесі бар. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде осы параметрлердің бәрі 100 пайыз көрсеткішпен қамтамасыз етілуі керек. Металл іздеу құрылғысына келсек, мұндай ұсыныс енгізілді, қаралып жатыр. Педагогтер мен білім ұйымдары талқылап жатыр. Шешім қабылданған кезде ресми мәлімет береміз», - деді Шолпан Каринова.

Аталмыш шарада вице-министр биыл «Жазғы мектеп» жобасы жалғаспайтынын айтты.

«Жазғы мектептерді жүргізу коронавирус инфекциясына байланысты қолға алынғанын білесіздер. Биыл 1 маусымнан бастап жазғы демалыс басталады. Мектептер мектеп жанынан алаңдар ашады. Бұлар негізінен бастауыш және орта буын сыныптарына арналады. Одан үлкен балалар да жазғы демалысты лагерьде немесе мектеп жанындағы алаңдарда өткізе алады», - деді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады