TikTok-та былапыт сөз айтқан жігіт қамалды (ВИДЕО)
Полиция TikTok-тағы видеоны байқап, 22 жастағы тұрғынды сотқа жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтылған видео жариялаған 22 жастағы тұрғын бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. TikTok пен Instagram желілерінде жарияланған видеода көпшілікке ортақ әдеп нормаларын ашық түрде менсінбейтін бейәдеп сөздер қолданылған.
Тексеру барысында видео авторының Алматы облысының 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны Нұрсат Пшан екені анықталды. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен ер адамға бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер де қоғамдық кеңістік саналатынын еске салды. Сондықтан интернетте жарияланатын контент пен қолданушылардың әрекеттеріне де қолданыстағы заң талаптары толық көлемде қолданылады.
Материал авторы