5522

Тоқаев бірнеше облыстағы судьяны қызметінен босатты

Жаңа Жарлық бойынша еліміздің бірнеше өңіріндегі соттардың басшылығы өзгерді.

Тоқаев бірнеше облыстағы судьяны қызметінен босатты
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 29 шілдеде «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, еліміздің бірнеше өңірінде сот жүйесінде ауқымды кадрлық өзгерістер жүргізілді.

Жарлыққа сәйкес, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық соттарына жаңа төрағалар тағайындалды. Сонымен қатар Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы аудандық және мамандандырылған соттардың төрағалары да ауысты.

Бұдан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыстардағы аудандық, қалалық және мамандандырылған соттарға жаңа судьялар тағайындалды.

Сондай-ақ Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов пен Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Манат Көміршінов отставкаға шығуына байланысты қызметінен босатылды.

Президент Жарлығы 2026 жылғы 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Жарлықпен тағайындалған судьялар мен сот төрағаларының толық тізімі Қазақстан Республикасы Президентінің ресми құжатында жарияланған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор