Доллар арзандады: Қазақстандағы айырбастау пункттері жаңа бағамды ұсынды
Айырбастау пунктілері доллар, еуро және рубльдің жаңа бағамдарын жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 тамыздағы мәлімет бойынша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және ресей рублінің сатып алу және сату бағамдары белгілі болды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 473,6 теңгеденсатып алынып, 474,5 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 543 теңге, сату бағамы 547,5 теңге. Ресей рублі 5,63–5,73 теңге аралығында саудалануда.
Астанада долларды айырбастау пункттері 469 теңгеден сатып алып, 476 теңгеден сатуда. Еуро бағамы 537–547 теңге аралығында болса, Ресей рублі 5,6–5,8 теңге аралығында ұсынылып отыр.
Шымкентте доллар 473,5 теңгеден сатып алынып, 475,5 теңгеден сатылуда. Еуроны 542–546 теңге аралығында айырбастауға болады. Ал Ресей рублінің бағамы 5,67–5,72 теңге аралығында қалыптасты.
Сонымен қатар, KASE қор биржасындағы алдыңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 473,59 теңге болды. Бұл алдыңғы сауда күніндегі көрсеткіштен 1 теңгеге төмен. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің 31 шілдеге белгілеген ресми доллар бағамы 474,63 теңгені құрады.
Материал авторы