995

3 тамыздағы ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық +38 градусқа дейін жетеді

Синоптиктер 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

3 тамыздағы ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық +38 градусқа дейін жетеді
Unsplash

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 3 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыстың жекелеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. 

Елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +18...+20, күндіз +28...+30 градус болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градусыстық болады.

Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде, Жезқазғанда, Қарағандыда, Көкшетауда, Қостанайда, Павлодарда, Петропавлда, Семейде және Өскеменде жаңбыр мен найзағай болжанған.

Ал Ақтау, Атырау, Қонаев, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Орал қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ең жоғары температура Алматы, Қонаев және Талдықорғанда +36...+38 градусқа, сондай-ақ Семей, Тараз, Түркістан және Шымкентте +35...+37 градусқа дейін жетеді. Ал солтүстік өңірлерде ауа райы біршама салқындап, Қостанайда күндізгі температура +21...+23 градус, Көкшетауда +25...+27 градус шамасында болады. 

Материал авторы