Бокстан әлем чемпионы болған спортшылар қанша сыйақы алады

15.05.2023, 17:23
795
Бокстан әлем чемпионы болған спортшылар қанша сыйақы алады halyq-uni.kz

Бокстан әлем чемпионы болған спортшылар қанша сыйақы алады? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жауап берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Министрлік тарапынан әлем чемпиондарының әрқайсына 15 мың доллардан береміз және олардың бапкерлеріне де 15 мың доллар қарастырылған. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан – 100 мың доллар, AIBA тарапынан 200 мың доллар беріледі, - деді Асхат Оралов бүгін елорда әуежайында бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерін қарсы алу салтанатында.

Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларымызға өз қаражаты есебінен қосымша 100 мың доллардан беретінін айтқан еді.

Сонымен бірге министр әлем чемпионатындағы жетістікті – тарихи ұлы жеңіс деп мәлімдеді.

Қоса кетсек, бүгін жеңімпаздардың алғашқы легі елге оралды. Чемпиондардың екінші тобы – Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай Астана уақытымен сағат 16:00-де елордаға қонады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады