4 тамыздағы ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай болады
Оңтүстік өңірлерде аптап біршама бәсеңдегенімен, күндізгі температура әлі де 36-37 градусқа дейін көтеріледі.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 4 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Елдің тек батысындағы жекелеген өңірлерде ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
Астанада күн құбылмалы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.
Алматыда мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз +25...+27 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады. Температура +33...+35 градус.
Жауын-шашынсыз ауа райы Ақтөбе, Ақтау, Атырау және Орал қалаларында сақталады.
Ал Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Өскеменде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Павлодар, Петропавл, Қостанай және Астанада бұршақ жауып, дауыл тұрып, желдің екпіні күшеюі ықтимал.
Ең ыстық ауа райы Атырау, Тараз, Түркістан, Семей және Өскеменде сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +33...+37 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарға сақтық шараларын ұстанып, әсіресе найзағай, бұршақ және екпінді жел кезінде қауіпсіздік талаптарын ескеруге кеңес береді.
Материал авторы