976

ШҚО-да бұрынғы күйеуі алты баланың анасының құлағын кесіп кеткен

Әйелге пышақпен шабуыл жасаған еркек қамауға алынды.

ШҚО-да бұрынғы күйеуі алты баланың анасының құлағын кесіп кеткен
@egovpress

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Самарское ауылында ер адам бұрынғы жұбайына пышақпен шабуыл жасап, оның құлағын кесіп кеткен. Қатыгез оқиғаға байланысты күдікті қамауға алынды.

Алғашында оқиға туралы ақпарат «За нами уже выехали» Telegram-арнасында жарияланған. Мәліметке сәйкес, шабуыл жасаған ер адам алты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған бұрынғы әйелінің құлағын кесіп кеткен.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 шілде күні болған.

Сол күні жәбірленушінің 51 жастағы бұрынғы жұбайы ұсталып, кейін сот санкциясымен қамауға алынған.

Полицияның хабарлауынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар оған жәбірленушімен кез келген байланысқа шығуға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылған.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор