Астанада Chevrolet жүргізушісі «зебрада» жаяу жүргіншіні қағып кетті
Полиция көлікті коммуналдық тұраққа қойып тастады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының сәті бейнекамераға түсіп қалған. Оқиға Т. Рысқұлов көшесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқан адамға жол бермей, оны қағып кеткен.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Сондай-ақ автокөлік коммуналдық айып тұрағына қойылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Материал авторы