654

Түркияда 28 мамырда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі 28 мамырда өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Анадолыға сілтеме жасап.

Түркияда 28 мамырда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
m.bianet.org

Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Ахмет Йенер бюллетеньдердің 100 пайызы саналғаннан кейін мәлім етті.

Оның айтуынша, ел ішінде дауыс берушілердің белсенділігі 88,92 пайызды құрады, шет елдерде – 52,69 пайыз.