1290

Контент үшін атпен Бәйтерекке барған астаналық жазаланды (ВИДЕО)

Астанада атпен жүрген азамат заң бұзды.

Контент үшін атпен Бәйтерекке барған астаналық жазаланды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада әлеуметтік желіге арналған контент түсіру мақсатында көшеде атпен жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті жазды.

Полицияның мәліметінше, 35 жастағы ер адам елордадағы мекемелердің біріне арналған бейнеролик түсіруге қатысқан. Ол атпен автомобиль жүретін жолмен де, жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен де қозғалып, тұрғындарға кедергі келтірген.

Сонымен қатар Бәйтерек монументі бағытында келе жатқан кезде қиылыстардың бірінде жылқы тротуарды ластап, жасыл желекке зақым келтірген. Осылайша абаттандыру саласындағы заң талаптары бұзылған.

Полиция аталған екі құқық бұзушылық бойынша азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқанын хабарлады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор