6 тамыздағы ауа райы: Қазақстанның бір бөлігінде жаңбыр, оңтүстікте +38 градусқа дейін ыстық
Синоптиктер 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 6 тамызда Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы сақталады.
Елордада күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28градус болады.
Алматыда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус ыстық болады.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +32...+34 градусқа дейін көтеріледі.
Ең жоғары температура Қызылорда облысында тіркелмек. Мұнда күндіз ауа +36...+38 градусқа дейін ысиды.
Сонымен қатар Түркістанда +34...+36, Таразда +33...+35, Атырауда +33...+35, Қонаев, Талдықорған және Оралда +31...+33 градус ыстық күтіледі.
Павлодар, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе және Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Материал авторы