Қазақстанның оңтүстігінде аптап күшейеді: ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі
Елдің басым бөлігінде күн ашық, бірақ кей өңірлерде жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Ал елдің оңтүстігінде аптап ыстық қайта күшейіп, ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі.
Елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +11...+13, күндіз +26...+28 градус болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр. Түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус ыстық болады.
Шымкентте ауа температурасы күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбеде күн ашық болып, күндіз +33...+35 градус ыстық күтіледі. Ақтауда +32...+34, Атырауда +35...+37 градусқа дейін жылынады.
Жезқазғанда күндіз +33...+35, Қарағандыда +27...+29, Көкшетауда +21...+23, Қостанайда +25...+27 градус болады.
Қонаевта ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін жетеді.
Қызылордада күн ашық болады. Күндіз сынап бағаны +37...+39 градусқа дейін көтеріліп, екпінді жел соғады.
Павлодарда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы +26...+28 градус болады.
Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, бірақ күндіз жел күшейеді. Температура +23...+25 градус шамасында болады.
Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар екпінді жел соғады. Күндізгі температура +28...+30 градус болады.
Талдықорғанда +33...+35, Таразда +34...+36 градус ыстық күтіледі. Таразда да күндіз жел күшейеді.
Ең жоғары температура Түркістан облысында тіркеледі. Мұнда күндіз ауа температурасы +38...+40 градусқа дейін жетіп, екпінді жел соғады.
Оралда күн ашық болып, +32...+34 градус жылы болады.
Өскеменде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы күндіз +28...+30 градус болады.
Материал авторы