1965

Қайрат Сатыбалдыұлының ұлына тиесілі болған «Байсат» базары 24,8 млрд теңгеге сатылды

Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін «Байсат» базары аукционда сатылды.

Қайрат Сатыбалдыұлының ұлына тиесілі болған «Байсат» базары 24,8 млрд теңгеге сатылды
Sputnik / Болат Шайхинов, Яндекс

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Байсат» базары бірнеше сәтсіз аукционнан кейін жаңа иесін тапты. Нысан электронды сауда алаңында 24 772 753 285 теңгеге сатылды.

Сауда-саттық 7 тамыз күні сағат 12:00-де өтті. Аукцион барысында «Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-нің 100 пайыз қатысу үлесі сатылымға шығарылды. Нысан бастапқы бағасымен сатылған.

Жоба сипаттамасына сәйкес, серіктестікте орта есеппен 64 адам жұмыс істейді. Сатушы ретінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы көрсетілген. Ал сатып алушының аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.

Айта кетейік, «Байсат» базары бұған дейін де бірнеше рет аукционға шығарылған. Өткен жылдың желтоқсанында нысан 26,7 млрд теңгеге бағаланса, одан бұрын оның бастапқы құны 28 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ бұған дейін базар сатылмаған жағдайда оны Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берумәселесі қарастырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Материал авторы