1678

Оралда суға батып бара жатқан ер адам жазаланды

Ер адам тыйым салынған жерде шомылған көрінеді.

Оралда суға батып бара жатқан ер адам жазаланды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тыйым салынған жерде суға түскен ер адамды құтқарушылар ажалдан арашалап қалды. Алайда қауіпті аумақта шомылғаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жазды.

Оқиға қаладағы «Металлист» ауданында болған. Төтенше жағдайлар қызметіне осы аумақта ер адамның суға батып бара жатқаны туралы хабар түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1991 жылы туған ер адамды судан алып шыққан. Ол жағаға жеткізілген. Медициналық көмек қажет болмаған.

Кейін ер адамның арнайы жабдықталмаған жерде шомылғаны анықталды. Оның үстіне бұл аумақта «Шомылуға тыйым салынады» деген белгі орнатылған.

Қауіпсіздік талабын бұзған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор