985

Нұрай Серікбайдың ағасы 10 млрд теңге талап ету себебін түсіндірді

Сұлтан Серікбай мұндай көлемдегі өтемақы талап ету заңға қайшы емес екенін айтты.

Нұрай Серікбайдың ағасы 10 млрд теңге талап ету себебін түсіндірді
instagram.com/justice_for_nuray

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай айыпталушы тараптан 10 миллиард теңге көлемінде өтемақы талап етуінің себебін түсіндірді. 

Сұлтан Серікбайдің айтуынша, мұндай талап қою – заң аясындағы тәсіл. Оның сөзінше, өтемақы көлемін жәбірленуші тарап ұсынуға құқылы, ал нақты соманы сот анықтайды.

«Біріншіден, бұл – заңды тәсіл. Мұндай орасан соманы төлей алмаған қылмыскер жазасын жеңілдете алмайды және шартты түрде бостандыққа шыға алмайды. Бұл қарыз оған өмір бойы жүктеледі. Екіншіден, жәбірленуші тарап ретінде кез келген соманы сұрауға құқымыз бар, ал түпкілікті соманы сот шешеді. Біз өз тарапымыздан осы шешімді толық әрі дұрыс деп шештік», – деді Сұлтан Серікбай.

Ол 10 миллиард теңге көлеміндегі талаптың отбасы үшін саналы түрде қабылданған шешім екенін атап өтті.

Қазір өтемақының нақты мөлшері мен айыпталушыға қатысты өзге де құқықтық мәселелер бойынша соңғы шешімді сот қабылдайды.

Материал авторы