«2 ай бұрын некелескен еді»: актер Қажет Смағұл алғаш рет әке атанды
50 жасында әке атанған актер әйелін теріс қаратып қойғаны үшін көпшіліктің сынына қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Әзіл Әлемі» театрының экс-әртісі, актер Қажет Смағұл 50 жасында алғаш рет әке атанды. Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Актер жұбайы мен сәбиімен бірге түскен суретін бөліскен. Алайда нәрестенің жынысы мен есімін жарияламады. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің жүзін көрсетпеуді жөн көрген.
«50-де балалы болған керемет екен, отбасым толықты. Негатив жазбаңыздар», – деп жазды Қажет Смағұл.
Бұған дейін актер өзінен 25 жас кіші аруға үйленген еді.
Қажет Смағұлдың қуанышты жазбасының астына оқырмандар жылы лебіздерін білдірген. Дегенмен кейбір желі қолданушылары актердің отбасылық өміріне қатысты сын пікірлер де қалдырған.
«Ақыры бетін жабады екенсіз, несіне теріс қаратып қойғансыз. Біреу смайликті ашып, көріп қояды дедіңіз ба?», «Әдейі істейді ғой халықты сөйлетіп», «Фотоға өзің түсе бермедің ба», «2 ай бұрын некелессе уже туса аяғы ауыр қып алған ба», «50-дегілерді роддомнан кешке шығара ма?», «Біртүрлі ата осы», «Құтты болсын Қажет аға! Бауы берік болсын!», «Нешеге келсеңде артыңда ұрпағың бар. Одан артық Бақыт барма? Бауы берік болсын!», - деп жазды жазылушылар.
Материал авторы