1122

Қайрат Нұртастың інісін шетелдік бала күтушісі тонап кетті

Филиппиннен 4000 долларға алдырған күтуші әйел үйден ақшаларды алып қашып кеткен көрінеді.

Қайрат Нұртастың інісін шетелдік бала күтушісі тонап кетті
instagram.com/indi_maulenova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртастың кіші інісі Заңғар Нұртас пен оның жары Индира Мауленова үйіне жұмысқа алған филиппиндік қызметшіге қатысты күтпеген жағдайды айтып берді. Оның сөзінше, үй қызметшісі ешкімге ескертпестен жұмыстан кетіп, үйдегі ақша мен кейбір заттарды өзімен бірге алып кеткен.

Индира Мауленованың айтуынша, әйел үйге арнайы агенттік арқылы жұмысқа орналасқан. Олар үй күтушісін 4000 долларға жалдаған. Біраз уақыт өткеннен кейін ол аяқ астынан үйде ешкім жоқ кезде үйдегі бағалы заттар мен ақшаны, өзінің паспортын алып, үйден кетіп қалған. Солай ол жұмыс күні үйге оралмай, хабарсыз кеткен.

Ол агенттіктен көмек сұрағанда, агенттік өкілдері "паспортты жақсылап тығу керек болғанын" айтып, кінәні отбасының өзінен көрген.

Сондай-ақ Индира Мауленова неліктен қазақ қызын жұмысқа алмағанын түсіндірді. Айтуынша, отбасы "атақты" адамдар болғандықтан, үйге қазақстандық адамды жұмысқа алуды жөн көрмегенін ашып айтты. 

Оқиғадан соң Заңғар Нұртастың жары әлеуметтік желідегі оқырмандарына үйге жұмысқа адам аларда барынша сақ болуға кеңес берді. Ол қызметшінің жеке деректері мен бұрынғы жұмыс тәжірибесін мұқият тексерудің маңызын атап өтті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор