167

+44 градус: 11 тамызда Қазақстанда аптап ыстық сақталады

Елдің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталып, кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

+44 градус: 11 тамызда Қазақстанда аптап ыстық сақталады
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде 11 тамызда ыстық әрі негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтерілсе, елдің кей аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +20...+22, күндіз +36...+38 градус.

Алматыда бұлтты ауа райы орнап, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +21...+23, күндіз +33...+35 градус.

Шымкентте де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +38...+40 градус болады.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде +24...+26, күндіз +37...+39 градус.

Атырауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнгі температура +23...+25, күндіз +34...+36 градус.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа +37...+39 градусқа дейін ысиды.

Қарағандыда түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Көкшетауда жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде +20...+22, күндіз +25...+27 градус.

Қонаевта жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы орнайды. Күндіз +35...+37 градус.

Қостанайда түнде +16...+18, күндіз +24...+26 градус болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қызылордада ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +22...+24, күндіз аптап ыстық болып, температура +42...+44 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодарда жауын-шашын болмайды. Түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градус.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +18...+20, күндіз +24...+26 градус.

Семейде жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +13...+15, күндіз +33...+35 градус.

Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +18...+20, күндіз +36...+38 градус.

Таразда күн құбылмалы бұлтты әрі жауын-шашынсыз болады. Түнде +22...+24, күндіз +36...+38 градус.

Түркістанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +25...+27, күндіз +39...+41 градусқа дейін ысиды.

Оралда түнде +13...+15, күндіз +27...+29 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Өскеменде де жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +13...+15, күндіз +33...+35 градус.

 

Материал авторы