«Қазақстан туралы үздік роман» байқауына өтінім қабылдау аяқталды

16.05.2023, 15:28
666
«Қазақстан туралы үздік роман» байқауына өтінім қабылдау аяқталды smartnews.kz

Бүгін «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Биыл «Меценат» әдеби сыйлығына 58 роман үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы байқауды ұйымдастырушылар хабарлады.

«Бүгін «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауға қатысушылардың шығармаларын қабылдау аяқталды. «Меценат.кз» әдеби сыйлығының екінші маусымына шығармаларды қабылдау қыркүйекте басталған болатын. Биыл байқауға шетелдегі қандастарымыздың да қатысуына мүмкіндік берілді. Орыс тілінде тек қазақстандық авторлар қатысты. Сонымен, «Қазақстан туралы үздік роман» әдеби байқауының екінші маусымына 103 адам тіркеліп, 58 роман жүктелді», - деп жазылған жоба авторлары таратқан мәліметте.

Айта кетейік, үздік деп танылған романның авторына өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы төленеді.

«Біздің байқаудың жеңімпазы өмір бойғы ай сайын 500 доллардан сыйақы алып отыратынын естеріңізге саламыз. Жеңімпаз тек оқырманның дауыс беруімен анықталады», - делінген ресми мәліметте.

Әдеби байқаудың басты ұстанымдары мынандай:

- Мемлекеттік бюджеттен толық тәуелсіз болу;;

- Ашық және жасырын мүдделер қайшылығын тудыратын қазылардан бас тарту, оның орнына оқырман дауысы арқылы жеңімпазды анықтау;

«Mecenat.kz» жобасының мақсаты - қазақстандық көркем әдебиетті дамыту және кітап оқырмандарының ынтасын арттыру, жазушылардың кәсіби деңгейін көтеру және олардың шығармаларын әлемдік кітап нарығына шығару.

«9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО)