Алматыда құрбыларына қонаққа барған 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты
Қайғылы жағдайдан кейін полиция тергеу бастаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Наурызбай ауданында 17 жастағы қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдай Жүнісов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Бұл туралы HALYQSTAN Telegram-арнасы хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған қыз тұрғын үй кешеніне құрбыларына қонаққа барған. Кейін ол көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапқан.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
Құқық қорғау органдары қазір оқиғаның нақты себебі мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында болған жағдайға құқықтық баға берілмек.
Материал авторы