103

Блогер Мерей Абилова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Блогер жаңа туған ұлымен түскен суреттерін көрсетті.

Блогер Мерей Абилова екінші сәбиін дүниеге әкелді
instagram.com/abilovva_m

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Мерей Абилова екінші рет ана атанды. Ол ұлды болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, перзентханадан түскен суреттерін жариялады.  

Жарияланған кадрларда блогер жолдасы Димаш Қашкен және жаңа туған сәбиімен бірге түскен. Мерей Абилова ұлының 7 тамызда дүниеге келгенін айтып, оған жүрекжарды тілегін арнады.

«Ұлым, қош келдің өмірге! Аллаға шүкір!» деп жазды блогер.

Қуанышты жаңалықтан кейін Абилованың оқырмандары мен әріптестері жас ана мен сәбиді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор