Jusan қаржы сауаттылығы бойынша журналистерге арнап тренинг өткізді

16.05.2023, 16:08
685
Jusan қаржы сауаттылығы бойынша журналистерге арнап тренинг өткізді

Астанада «Банк және инвестиция» тақырыбында қаржы сауаттылығы бойынша қазақ тілінде жазатын журналистер үшін тренинг өтті.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған шарада ҚР Ұлттық Банк, Jusan Invest және Jusan Analytics спикерлері қаржы есебі және статистикамен қалай жұмыс істеу керегін айтып берді. Бұған қоса тренингте инвестиция дегеніміз не және халық арасында инвестиция жасау мәдениетін дамыту неліктен маңызды екені сөз етілді.

Қатысушылар қаржы өнімдері мен қызметтері, сондай-ақ банк секторының ережелері мен принциптері жайлы ой-түсініктерін кеңейтті. Мұнымен қоса саланың беделді сарапшылары соңғы аналитикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Журналистер ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтында деректер мен статистиканы пайдалану, қор нарығы мен KASE қызметін, трендтерін түсіну, екінші деңгейлі банктердің қаржы есептерін дұрыс оқи білуді үйренді. 

«Қаржылық тұрғыдан сауатты болу тек негізгі қаржы үдерістерін түсіну ғана емес, одан бөлек жеке қаражатыңды тиімді басқарып, оған жауапкершілікпен қарау, бюджетіңді жоспарлап және әртүрлі қаржы құралдарына, соның ішінде бағалы қағаздарға дұрыс инвестиция жасай білу деген сөз. Ал қаржы саласы туралы жазатын журналистер үшін қаржы есептері жайлы ақпаратты оқырманға дұрыс жеткізіп, сондай-ақ күрделі деректерді түсінікті етіп жаза білу де аса маңызды. Дәл осындай тренингтер журналистердің саладағы біліктілігін жетілдіріп, БАҚ арқылы Қазақстан халқының қаржы сауаттылығын арттыруға сеп болады», - дейді Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керімова.

Jusan Bank клиенттерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктер сыйлап қана қоймай, гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу арқылы олардың өмір сапасын жақсартып, маңызды жобаларды қолдауды жалғастырмақ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)