Қытай супермаркеттерінде қазақстандық өнімдер бұрышы ашылады

16.05.2023, 16:42
596
Қытай супермаркеттерінде қазақстандық өнімдер бұрышы ашылады facebook.com/KazakhExport

Қытайдың Сиань қаласында өткен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы барысында KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және Wuhan Asia Europe Logistics Co халықаралық логистикалық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты KazakhExport компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар қазақстандық өнімді Қытай нарығында ілгерілету жөніндегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.

«Стратегиялық құжат Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға, тығыз коммерциялық қатынастарды дамытуға және Қытайға дайын қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған», - деді ҚХР-дағы KazakhExport өңірлік директоры Сергей Салманов.

Меморандумға сәйкес «Ухань Ханьоу» қазақстандық өнімді импорттайды және оны Хубэй провинциясы мен Қытайдың сауда желілерінде тақырыптық бөлімдер арқылы, қазақтың ұлттық стилінде мамандандырылған стендтер орната отырып сатады. Компания қазақстандық тауарлар мен KazakhExport мүмкіндіктерін ел аумағында ілгерілетуге қолдау көрсетеді.

Қазақстанның ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы отандық өндірушілермен байланыс орнатуға және импорттаушыларды қызықтыратын өнімді іздеуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, қазақстандық экспорттаушылар үшін қажетті сақтандыру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Тараптар қазақстандық тауарлардың жергілікті тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие болатынына сенім білдірді. ҚХР-ға май-тоңмай, макарон, кондитерлік өнімдерді, сусындар мен басқа да тауарларды жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жыл басынан бері 53 млрд теңгеге экспорттық келісімшарттар бекітілген. Қытайдың 11 импорттаушысымен ұн және күнбағыс дәнін жеткізу бойынша 17 келісімшарт жасалған.

photo

 

Айта кетсек, 2019 жылы KazakhExport және Wuhan Asia Europe Logistics Co ынтымақтастығы аясында Ухань қаласында қазақтың ұлттық стилінде безендірілген алғашқы тақырыптық бөлім ашылған еді. Алайда, пандемияға байланысты ынтымақтастық тоқтаған болатын.

«Ухань Ханьоу» - Han Xin Ou халықаралық маршруттық пойыздарына арналған ҚХР мемлекеттік теміржол жүк платформасы. Хубэй провинциясының ондаған қаласында заманауи әмбебап дүкендері, сауда орталықтары, супермаркеттері бар. Сондай-ақ, импорт бағытында көлік логистикасы мен кең дистрибьютерлік желісі жолға қойылған. Компанияны Ухань үкіметі субсидиялайды және ол – «Бір белдеу – бір жол» саясатының мүшесі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді