127

Доллар 470 теңгеге жақындады: 13 тамыздағы айырбас бағамы белгілі болды

Айырбастау пунктілері доллар, еуро және рубльдің жаңа бағамдарын жариялады.

Доллар 470 теңгеге жақындады: 13 тамыздағы айырбас бағамы белгілі болды
Syda Productions / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның үш ірі қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің 13 тамыздағы сатып алу және сату бағамдары жарияланды. 

Астанада айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа сатып алу бағамы 462,91 теңге, сату бағамы 469,71 теңге болды.

Еуро 535,58 теңгеден сатып алынып, 545,57 теңгеден сатылып жатыр. Ал рубльдің сатып алу бағамы 5,26 теңге, сату бағамы 5,56 теңге деңгейінде.

Алматыдағы айырбас орындарында доллардың сатып алу бағамы 464,74 теңге, ал сату бағамы 466,84 теңге болды.

Еуро 534,94 теңгеден сатып алынып, 539,78 теңгеден сатылуда. Рубль 5,38-5,51 теңге аралығында айырбасталып жатыр.

Шымкентте доллардың сатып алу бағамы 465,44 теңге, сату бағамы 467,78 теңге болды.

Қаладағы айырбастау пункттерінде еуро 537 теңгеден сатып алынып, 540,44 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің сатып алу бағамы 5,36 теңге, сату бағамы 5,43 теңге деңгейінде.

Ресми бағам қандай?

13 тамызға белгіленген ресми бағам бойынша 1 доллар – 465,19 теңге, 1 еуро – 536,55 теңге, 1 рубль – 5,61 теңге.

Айырбастау пункттеріндегі нақты бағамдардың ресми көрсеткіштен айырмашылығы болуы мүмкін. Сондықтан валюта айырбастамас бұрын бірнеше пункттегі бағаларды салыстырып алған жөн.

 

Материал авторы