Елена Рыбакина теннис тарихындағы үздік үштікке енді
Отандасымыз әлем теннисінің аңыздарын басып озды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы және қазіргі бірінші ракеткаларына қарсы ойындардағы нәтижесі бойынша тарихи рейтингтің үздік үштігіне кірді.
Статистикалық Opta сервисінің дерегіне сәйкес, рейтингке 1975 жылдан бері әлемдік рейтингте бірінші орын алған немесе қазір бірінші тұрған теннисшілермен кемінде 25 матч өткізген спортшылар енгізілген.
Рыбакина аталған тізімде үшінші орында тұр. Қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткаларына қарсы өткізген 46 кездесудің 29-ында жеңіске жетіп, 17 рет ұтылған. Нәтижесінде оның жеңіс көрсеткіші 63 пайызды құрады.
Бұл нәтиже Рыбакинаның әлем теннисінің екі бірдей аңызынан озып кетуіне мүмкіндік берді. Қазақстандық спортшының артында Мартина Навратилова мен Штеффи Граф қалды. Екеуі де мансабында әлемдік рейтингтің көшін бастап, «Үлкен дулыға» турнирлерінде жеңіске жеткен.
Әлемнің бірінші ракеткаларына қарсы жеңіс үлесі бойынша үздік бестік мынадай:
-
Серена Уильямс – 72,9 пайыз;
-
Ига Швёнтек – 71,0 пайыз;
-
Елена Рыбакина – 63,0 пайыз;
-
Мартина Навратилова – 62,2 пайыз;
-
Штеффи Граф – 58,9 пайыз.
Осылайша, Рыбакина әлемнің бірінші ракеткаларына қарсы ойындардағы нәтижесі жөнінен теннис тарихындағы ең мықты үш спортшының қатарына қосылды. Оның бұл көрсеткіші екі әйгілі чемпион – Навратилова мен Графтың нәтижесінен жоғары.
Материал авторы