Аптап, найзағай, бұршақ: 14 тамызда Қазақстанды күрделі ауа райы күтіп тұр
Қазақстанның барлық өңіріне дауылды ескерту берілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 14 тамызға ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Елдің барлық өңірінде дерлік аптап ыстық сақталады. Оңтүстік және орталық облыстарда ауа температурасы 41 градусқа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар кей аймақтарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және тұман болжанып отыр. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында күндіз батыс, оңтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталса, батыс пен орталықта қауіп деңгейі төтенше санатта болады. Көкшетауда да жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі болжанады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда да өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысында күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік-батыста жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. Оңтүстікте ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста оның деңгейі төтенше болады. Қостанайда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Павлодар облысында күндіз батыс пен оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Облыста және Павлодар қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі бар, ал батыс, шығыс және оңтүстікте қауіп деңгейі төтенше санатта. Қарағандыда 35-36 градус ыстық күтіледі.
Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 35-36 градус ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысында күннің екінші жартысында оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Батыс, оңтүстік-шығыс және орталықта жоғары, ал оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман, күндіз 35-36 градус ыстық болады.
Абай облысында күндіз оңтүстік пен батыста жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен шығыста жоғары, оңтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі бар. Семейде 35-36 градус ыстық болады.
Алматы облысында күндіз оңтүстікте жаңбыр мен найзағай, таулы аудандарда өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы 35-39 градусқа дейін жетеді. Батыс пен солтүстікте төтенше, оңтүстік, шығыс және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 37-39 градус ыстық болады.
Алматыда күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Ауа температурасы 35-39 градус болады. Солтүстікте жоғары, ал оңтүстік, батыс, шығыс және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 37-39 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі күшейеді.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталып, шығыс пен оңтүстікте жоғары деңгейде болады. Таразда да төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 40-41 градусқа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 40 градус ыстық болады.
Ақтөбе облысында солтүстік, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Оңтүстік пен шығыста ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс пен орталықта жоғары, ал жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі жарияланған. Ақтөбеде түнде жаңбыр мен найзағай күтіліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында, сондай-ақ Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында батыс пен орталықта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстікте ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Батыста жоғары, солтүстік-шығыс пен орталықта төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда күндіз жаңбыр мен найзағай жаууы мүмкін, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталып, солтүстікте қауіп деңгейі жоғары болады. Оралда күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болжанып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Материал авторы