101

Қазақстандықтар кремацияға алдын ала eGov-тан келісім бере алады

Кремация құны 240 мың теңге болса, зорлықпен қаза тапқандарға бұл рәсім қолданылмайды.

Қазақстандықтар кремацияға алдын ала eGov-тан келісім бере алады
alamy.de

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандықтарға қайтыс болғаннан кейін денесін кремациялау туралы шешімді тірі кезінде алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік берілді. Бұл үшін енді нотариусқа барудың қажеті жоқ — жаңа қызмет eGov порталында онлайн қолжетімді. Бұл туралы КТК телеарнасы жазды.

eGov-та «Кремацияға өмір бойы ерік білдіруді тіркеу» қызметі іске қосылды. Азаматтар порталға кіріп, қажетті қызметті таңдап, өтінішті электронды цифрлық қолтаңба арқылы растай алады.

Маңыздысы, бұл шешім түпкілікті болып саналмайды. Азамат кейін өз ойын өзгертіп, бұрын берген келісімін жоя алады.

Қазақстандағы алғашқы крематорий биыл сәуірде ашылған. Содан бері мекемеге 40-тан астам өтініш түскенімен, нақты кремация жасалған мәйіт саны алты болған.

Кремация қызметінің құны 240 мың теңге деп белгіленген.

Алайда зорлықпен қайтыс болған адамдарға кремация жасауға болмайды. Бұл талап өлімнің мән-жайын қайта зерттеу қажет болған жағдайда мәйітті эксгумациялау мүмкіндігін сақтау үшін енгізілген.

Материал авторы