98

«ҚосLike» жүргізушісі Диана Скатова халыққа үйлену тойын сатып жатыр

Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбековтің тойын көру үшін 990 теңге төлеу керек.

«ҚосLike» жүргізушісі Диана Скатова халыққа үйлену тойын сатып жатыр
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тележүргізуші Диана Скатова мен әнші Сұлтан Нұрбековтің 30 тамызда өтетін үйлену тойын онлайн тамашалау үшін көрермендерден ақы алынбақ.

Диана Скатова әлеуметтік желідегі сторисінде тойының жабық тікелей эфиріне қосылуға мүмкіндік беретін арнайы боттың сілтемесін жариялаған. Онлайн трансляцияға кіру құны 990 теңге деп көрсетілген.

Көрермен алдымен бот арқылы төлем жасап, түбіртекті модераторға жіберуі керек. Осыдан кейін оған үйлену тойының тікелей эфирі көрсетілетін жабық арнаға сілтеме беріледі.

Осылайша жұлдызды жұптың үйлену тойын онлайн көру де ақылы форматқа көшіп отыр. Бұған дейін әлеуметтік желіде талқыланып келген той енді коммерциялық жобаға айналды. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор