199

Астаналық әйел аттан құлап, бір айдан соң көз жұмды

1 ай бойы өмір үшін күрескен әйел қайтыс болды.

Астаналық әйел аттан құлап, бір айдан соң көз жұмды
instagram.com/abidullaevna01

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, астаналық әйел Ақмола облысындағы ат спорты клубтарының бірінде аттан құлап, алған жарақаттарынан бір айдан астам уақыт өткен соң қайтыс болды. Осыған байланысты қылмыстық істің саралануы өзгертіледі.

Ақмола облысының полиция департаменті мәліметінше, оқиға Целиноград ауданындағы ат спорты клубтарының бірінде болған. Әйел аттан құлап, жарақат алған.

Оқиғаға байланысты 6 шілдеде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алайда 13 тамызда зардап шеккен әйел алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған. Полиция оның өліміне байланысты қылмыстық істі қайта саралайтынын мәлімдеді.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құзырлы орган оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізуде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор