Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жазаланды (ВИДЕО)
Полиция формасын контентке пайдаланған блогердің айыппұл арқалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі мониторинг барысында полицияның нысанды киімін киіп, әдепсіз би билеген қыздың бейнежазбасын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.
Тексеру кезінде видеоны Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева түсіргені белгілі болды. Құқық қорғау органдары оның әрекетіне құқықтық баға берді.
Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Полиция өкілдері нысанды киімді әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аудару немесе танымал болу үшін пайдалануға болмайтынын ескертті. Құқыққа қайшы әрекет жасаған кез келген адам заң аясында жауап береді.
Материал авторы