239

3 ер адам қызды кірпішпен ұрып, пышақпен жарақаттап кеткен

Еркектер қызға шабуыл жасап, телефоны мен ақшасын тартып алған көрінеді.

3 ер адам қызды кірпішпен ұрып, пышақпен жарақаттап кеткен
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда үш ер адам қызға шабуыл жасап, оны кірпішпен және пышақпен жарақаттады. Оқиға Соғдиана ауданында болған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші «JAVANI» клубында үш ер адаммен танысқан. Кейін олардың арасында жанжал туып, ер адамдар қызға шабуыл жасаған. Олар жәбірленушіні ұрып, ақшаcы мен ұялы телефонын алып кеткен.

Шабуыл салдарынан қыз ауыр жарақат алған.

Полиция қылмысқа қатысы бар деген үш адамның бірін ұстады. Қалған екі күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып, қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор