179

Атырауда 9 жастағы қыз сегіз магнит жұтып, ауруханаға түсті

Дәрігерлер баланың ағзасынан сегіз магнит алып шықты.

Атырауда 9 жастағы қыз сегіз магнит жұтып, ауруханаға түсті
Ақ Жайық

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 9 жастағы қыз бірнеше магнит жұтып қойғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын қауіпті деп бағалап, дереу ота жасауға шешім қабылдаған. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.

Медициналық тексеру кезінде баланың асқазан-ішек жолынан бірнеше бөгде зат анықталған. Дәрігерлер олардың магнит екенін білгеннен кейін жағдайдың қауіпті екенін ескерген. Бірнеше магнит ішекте бір-біріне тартылып, оның қабырғаларына қысым түсіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тіндердің зақымданып, ауыр асқынулардың пайда болу қаупі жоғары.

Мамандар уақыт жоғалтпай, хирургиялық операция жасаған. Ота барысында баланың ағзасынан сегіз магнит алынған.

Уақытылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында ауыр асқынуға жол берілмеді. Операциядан кейін қыз жансақтау және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылып, қажетті ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Мамандар ата-аналарға магниттерді, ұсақ ойыншықтарды және балалар жұтып қоюы мүмкін басқа да заттарды олардың қолы жетпейтін жерде сақтауды ескертті. Бірнеше магнитті жұтып қою баланың өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор