ЖОО-ларда оқыту тіліне қарамастан Кәсіби қазақ тілі пәні енгізілуі мүмкін

17.05.2023, 12:23
651
ЖОО-ларда оқыту тіліне қарамастан Кәсіби қазақ тілі пәні енгізілуі мүмкін smartnews.kz

Жоғары оқу орындарында оқыту тіліне қарамастан, «Кәсіби қазақ тілі» пәні енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының қазақ тіліндегі заңнаманың сапасын арттыру туралы сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Вице-Премьердің сөзіне қарағанда, термин түзуге маманданған ғылыми секциялар құрылмақ.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен ғалымдар тартылатын салалық терминологиялық секциялар құру бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл шара Республикалық терминология комиссиясы бекітетін терминдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Терминологиялық секциялар кейіннен нормативтік терминологиялық сөздіктерді әзірлеу жұмыстарына да тартылады», - деп жазылған жауапта.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, жоғары оқу орындарында «Кәсіби қазақ тілі» пәні енгізілі мүмкін.

«Министрлік мектеп терминологиясын дамыту, ресми құжаттардың стилистикасын жетілдіру, оқыту тіліне қарамастан жоғары оқу орындарының бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізу, сондай-ақ қазақ тілінің ғылыми, ресми-іскерлік стильдерін дамыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін пысықтауда. Жалпы, аталған бағыттағы жұмыстар мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұрған және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілетін Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында көзделген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді