Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық күтіледі: Қазақстанда 20 тамызда ауа райы құбылады
Қазақстанның кей өңірінде күн күрт салқындап, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде жауын-шашын күшейіп, бұршақ жаууы және желдің екпіндеуі мүмкін. Ал елдің оңтүстігі мен батысында ыстық ауа райы сақталады.
Қазақстанда 20 тамызда ауа райы құбылмалы болады. Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар және бірқатар солтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей жерлерде жауын қатты жауып, бұршақ түсуі ықтимал.
Ал Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған секілді оңтүстік қалаларда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болып, күн ыстық болады.
Қалалардағы ауа райы
Астанада күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіндейді. Түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.
Ақтөбеде күн ашық. Түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз, күндіз жел екпіндейді. Түнде +22...+24°C, күндіз +32...+34°C.
Атырауда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35°C.
Жезқазғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C.
Қарағандыда жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей уақытта нөсер жауып, бұршақ түседі, күндіз жел күшейеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.
Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай мен тұман болады. Түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз, күндіз жел екпіндейді. Түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.
Қызылордада күн ашық болады. Түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C-қа дейін ыстық болады.
Павлодарда бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Күндіз жел күшейеді. Түнде +13...+15°C, күндіз +18...+20°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +9...+11°C, күндіз +20...+22°C.
Семейде бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіндейді. Түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.
Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +12...+14°C, күндіз +34...+36°C.
Таразда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Түркістанда жауын-шашын болмайды. Түнде +18...+20°C, күндіз +36...+38°C.
Оралда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.
Өскеменде бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел екпіндейді. Түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.
Материал авторы