156

Павлодарда Kia мен «Газель» жүргізушілері тротуармен жүріп, жауапқа тартылды

Полиция әлеуметтік желідегі бейнежазбаны зерттеу арқылы жаяу жүргіншілер жолымен жүрген екі жүргізушіні анықтады.

Павлодарда Kia мен «Газель» жүргізушілері тротуармен жүріп, жауапқа тартылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желідегі бейнежазбадан кейін полиция екі жүргізушіні анықтап, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен көлік жүргізгені үшін жауапқа тартты. 

Павлодарда екі жүргізуші көлікпен тротуарға шығып, жол қозғалысы ережесін бұзған. Олардың әрекеті әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан анықталған.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында Металлургтер саябағында Kia K5 көлігінің жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен қозғалып бара жатқанын көрсететін видеоны байқаған.

Кейін дәл осындай заң бұзушылықты «Газель» жүргізушісі де жасағаны анықталды.

Құқық қорғау органдары екі жүргізушінің де жеке басын анықтап, оларға заңға сәйкес әкімшілік шара қолданған.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен көлік жүргізгені үшін жүргізушілер жауапқа тартылған.

«Мұндай әрекеттер жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және жол қозғалысы ережелерін бұзу болып саналады. Полиция осындай заң бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырады», – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері осындай құқық бұзушылық жасаған 370 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор