121

Алматылық қыз үй тазалаймын деп жансақтау бөліміне түсті

Алматылық қыз химиялық затқа уланып қалған көрінеді.

Алматылық қыз үй тазалаймын деп жансақтау бөліміне түсті
Mash

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 25 жастағы қыз үй жинау кезінде тұрмыстық химиядан уланып, ауруханаға жеткізілді. Душ кабинасын тазалап жатқан ол бірнеше минуттан кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Оқиға кезінде Кристина душ кабинасын арнайы тазартқыш гельмен жуып жатқан. Құралды жағып, губкамен тазалауға кіріскеннен кейін шамамен 7–10 минут өткен соң оның көзі ашып, тынысы тарылып, басы айнала бастаған. Кейін жүрек соғысы жиілеп, қолдары суып, қыз есінен танып қалған.

Оған жедел жәрдем келгенге дейін көрші үйде тұратын дәрігер көмек көрсеткен. Алайда медицина қызметкерлері келгеннен кейін Кристина бастапқыда ауруханаға жатудан бас тартқан.

Кейін жағдайы қайта нашарлаған соң қыз ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті ем жүргізіп, көктамыр арқылы дәрі енгізіп, оттегі берген. Осыдан кейін оның жағдайы тұрақталған. Мамандар улану диагнозын қойған.

Мұндай жағдай тұрмыстық химияны қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын тағы көрсетті. Материалда Domestos құрамындағы негізгі белсенді зат — натрий гипохлориті екені айтылған. Оны шамадан тыс пайдалану көз бен тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.

Сондықтан тұрмыстық химиялық құралдарды қолданғанда өндірушінің нұсқаулығын сақтау және үй-жайды жақсы желдету маңызды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор