57

Фермерлер үшін бар жағдайды жасауға пәрмен бар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы кешенінің дамуын жеделдету жөнінде үкіметке тапсырма берген. Соның нәтижесі биылғы жиын-терім науқанының басталып жатқан қазіргі күндерінің өзінде айқын көріне бастады. Биыл күз түспей жатып егін жинау науқаны бұрынғы жылдарға қарағанда жылдам жүріп жатыр.

Фермерлер үшін бар жағдайды жасауға пәрмен бар
AI / SMARTNEWS.KZ

Жалпы, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың ұлғайғаны тиімді. Бұл жұмыстағы бүгінгі үдерістер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға деген халық көзқарасын жақсартуда деуге болады. Мемлекет тарапынан қаржыландыру және кезең-кезеңді науқандардың жеделдетілуіне жағдай жасалуда. Саладағы жаңа идеялар мен жобалар мемлекеттен қолдау тауып, іс ілгері басып жатыр. Осы орайда халық даналығының «Бітер істің басына жақсы келер қасына» деген мақалы ойға келеді.

Фермерге және оларға қызмет ететін компанияларға керегі алдын ала қаржыландыру, техниканы жаңарту, қажетті ресуртсар мен жеңілдіктерге қиындықсыз қол жеткізу. Ауыл шаруашылығы үшін қажет нәрсенің бәрі өз уақытында қолға тиюі керек. Себебі бұл саланың ерекшелігі осында. Яғни шаруашылықта кешігіп күн өткізіп алу немесе жауын-шашынға ұрындыру өнімнің сапасын төмендетеді, дер кезінде жинап алмаса рәсуа болуы да мүмкін. Сапалы тұқым, субсидиялар, тыңайтқыштар, агротехнологиялар егіннің бастан-аяқ циклында сақадай сай дайын тұрса фермерлерде қиын мәселе де болмайды.

Биылғы жиын-терімнің ойдағыдай жақсы өтуі үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан шараларының арқасында қазіргі күнде жұмыс қарқыны екіесе жылдам басталғаны айтылып жатыр. Егінді жинау науқаны барлық өңірлерде 15 тамызда басталыпты. Шығымы жақсы болған астық гектарынан 14,6 центнерден өнім беріп жатыр. Міне, үкіметтің жаңаша әрекетінің жемісі осындай болып тұр. Сондықтан ауыл шаруашылығы кешенін мемлекеттік қолдау деген мәселеге халықтың көзқарасы да жақсы жағына қарай өзгеруде.

Себебі фермерлер жұмысты күнілгері жоспарлауға, тұқым мен тыңайтқышты және фитосанитариялық препараттарды, жанармай мен техниканы уақтылы қолға түсіруге мүмкіндік алды. Нәтижесінде егіннің сапасы түскен жоқ. Науқан басталғаннан кейінгі үш күнде элеваторларға 469,5 мың тонна астық түсті. Былтыр алғашқы үш күнде 120,5 мың тонна түскен еді.

Президенттің тапсырмасы ішкі нарықты сапалы өніммен қамту, экспорттық әлеуетті арттыру, бәсекеге қабылетті технологиялық агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру. Бұл талапты ойдағыдай орындауға биыл айрықша мән беріліп жатыр.

Ауыл шаруашылығы жайлы сөз қозғағанда жерді тиімді пайдалану мәселесін де айту керек. Жердің пайдасыз жатпауына, оның пайдаға жарауына мемлекет мүдделі. Президенттің талабы бойынша жерді беру үрдісі цифрландырылып жатыр. Суармалы және жайылымдық жерлер электронды конкурстар арқылы бөлінеді. Яғни тамыр-таныстыққа жол берілмей, жер бөлу ісінде ашықтық болады. Жерге деген мұндай қатынас фермерлер үшін де өте тиімді болмақ.

Материал авторы

Серік Алдан
Серік Алдан Саяси шолушы