Еуразиядағы ірі агроазық-түлік хабына айналамыз
Қазақстан негізінен аграрлы мемлекет. Қазба байлықтарымыздың өндірісі мен өнеркәсіптік индустрияның қарқыны болғанымен де ауыл шаруашылығы халықтың байырғы атакәсібі ретінде қарастырылады. Расында, ауыл шаруашылығы барлық өңірлерімізде кәсіпкерлікке бірінші кезекте кеңінен негіз болып тұрған сала. Ал бұл саланы кенжелетпей, керісінше қарыштата түсу үшін мемлекет кешенді шараларды енгізуде.
Президент тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіп кешені жан-жақты жетілдіріле бастады. Фермерлерді қаржыландыру мен агротехниканы жаңалаудың, жиын-терім науқанын дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде биылғы науқан жоғары деңгейде бастау алды.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологияларын енгізу және экспортты ұлғайту бағытында үлкен жұмыстар басталып кеткен. Мемлекеттік қолдау тек өнімді өндіру мен жинауға және сақтауға ғана байланысты емес. Қолдау экспорттауға және сол экспорттың хабын құруға да байланысты.
Бізде жер кең. Ауыл шаруашылығына жайлы. Сол сияқты, географиялықорналасуымыз да ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға да қолайлы. Өзімізге көрші елдер бар, Қытай, Таяу Шығыс, Кавказ елдері бар. Бәрі де біздің ауыл шаруашылығы өнімдерімізге нарық аумақтар. Сондықтан біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мен әр бағытта экспорттың хабын ұйымдастыру өте маңызды. Мемлекет осы бағытта молжұмысты атқарып жатыр.
Өңделген азық-түлік өнімдерінің экспорты 2026 жылдың алғашқы төрт айында 3,6 миллиард долларды құрады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы экспортының жартысынан астамы. Жалпы, Қазақстанның астық экспорты жылдан-жылға артып келеді. Осы күні ауыл шаруашылығыөнімдеріміз әлемнің 72 еліне экспортталады екен. Соңғы бес жылда аграрлық экспорт көлемі шамамен екі есеге өсіп, 3,8 миллиард доллардан 7 миллиард долларға дейін ұлғайғаны айтылып жатыр.
Ауыл шаруашылығын дамытуда техниканың маңызы зор. Биыл шет ел компаниялары өз өндірісін Қазақстанға көшіруді бастады. Арасында Американың, Канаданың және бірқатар Еуропа елдерінің компаниялары бар. Бүгінгі таңда елімізде тракторлар мен комбайндар шығаратын 10 зауыт жұмыс істейді.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар жақсы енгізіліп жатыр. Мысалы, тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі кеңінен қолданысқа енген. Ал бұл суды үнемдеуге қолайлы технология. Жаңа модельге жататын нәрселердің кейбіріне өнімді қайта өңдеу мен терең өңдеу, ауыл шаруашылығы техникаларын өзімізде құрастыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, экспорттық бағытты ұлғайту сынды шаралар жатады. Осының бәрі Қазақстанның Еуразиядағы ең ірі деген азық-түлік хабтарының бірі болуына алып келе жатыр.
Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыта отырып, әлемдегі негізгі азық-түлік хабтарының біріне айналуымыз үшін мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар қолға алынуда.
Авторы: Мадина Нұрлан